қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
16.02.2022

Жаңа жүйе түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады

 


 

Бұған дейін мұғалімдерді конкурс арқылы жұмысқа қабылдаудың жаңа жүйесі жайында пост жариялаған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа ережелер бойынша биылдан бастап түлектер мектепке жұмысқа орналасу үшін педагогикалық жоғары білімі туралы дипломының болуы жеткіліксіз және қосымша тестілеуден өту арқылы «Педагог» біліктілігін алуға міндетті екеніне тоқталды. Асхат Қанатұлының мектеп мұғалімдерін конкурс арқылы қабылдау керек деген шешімі өте орынды. Бұл дегеніміз, бітіруші түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

 

Жасыратыны жоқ, бұрын мектепке конкурссыз, тек мектеп әкімшілігінің қабылдауы арқылы жұмысқа орналасқан уақытта көптеген олқылықтарға жол берілгені анық. Соның нәтижесінде өз саласын жетік білетін жас мамандар бұл науқаннан тысқары қалып жатты. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өмірге келген дуальды оқыту бағдарламасы бұл істе өз жемісін беріп отыр. Яғни, мектепке мұғалім болып баратын студент 3-4 курстарда мектепте жыл бойына практикада болып, теориялық білімін іс-тәжірибе арқылы дамытуға мүмкіндік алуда. Міне, бұл да ертең конкурсқа түсетін жас маманға беріліп отырған үлкен көмек. Сондықтан да, Министр айтқандай, бұл бастама тек жас мамандардың ғана емес, соларды даярлайтын педагогикалық жоғары оқу орындарының да жауапкершілігін арттырады. Студенттердің жұмысқа орналасу алдында тапсыратын біліктілік тесті - сол оқу орнының да білім сапасы. Сол себепті өзіміз дайындайтын кадрлар біліміне бейжай қарамағанымыз жөн.

 

 

Авторы: Хайрулла Жанбеков,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры

16.02.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com