қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.02.2022

Педагогикалық бағыттарға түсушілер үшін арнаулы емтиханның мазмұны мен форматын қайта қарау туралы Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-нің кезектен тыс мәжілісі (онлайн)

 

2022 жылдың 18 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогикалық бағыттарға түсушілер үшін арнаулы емтиханның мазмұны мен форматын қайта қарау туралы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару тобының кезектен тыс мәжілісі өтті.

 

Онлайн режимдегі мәжіліске Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ құрамына енген Қазақстанның 25 жоғары оқу орнының 90-нан астам өкілдері, оның ішінде академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар, ЖОО қабылдау комиссиясының басшылары, кафедра меңгерушілері қатысты.

 

Педагогикалық жоғары оқу орындарына арнаулы емтиханды өткізудің бірыңғай форматы, тест тапсырмаларын әзірлеуде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша саралау қажеттілігі, сондай-ақ тест тапсырмаларының банкін қалыптастыру мақсатында арнаулы емтиханға арналған 50 тест тапсырмасын әзірлеу ұсынылды және қарастырылды.

 

Мәжіліс модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина сөз сөйлеп ашты. Отырыста арнаулы емтихан бағдарламасының авторлары «Педагогика және психология» жоба командасының жетекшісі Әйгерім Көшербаева және РОӘК ОӘБ Ғалым хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева, сонымен қатар Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы сөз сөйледі.

 

Педагогикалық бағыттарға түсушілер үшін арнаулы емтиханның мазмұны мен форматы туралы сөйлеушілердің ұсыныстары аясында РОӘК ОӘБ отырысына қатысушылар мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

 

Нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды:

1. Жалпыға қолжетімді электрондық платформада арнаулы емтихан өткізудің бірыңғай форматын бекіту;

2. ҰБТ-дан өткенге дейін мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін арнаулы емтихан балдарының минималды саны (5 балл) туралы ҚР БҒМ-ге ұсыныс;

3.Тест тапсырмаларын сараптау және тестілеу нәтижелерін бағалау критерийлерін әзірлеу үшін педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдері қатарынан жұмыс тобын құру;

4. Тест форматы: сұрақ және 5 жауап нұсқаның 1 дұрыс;

5. Қабылданған формат бойынша тест тапсырмаларының жалпы банкін құру (әрбір әрекет үшін 50 тест)

6. Талапкерлер үшін арнаулы емтихан рәсімі: тіркелу және грантқа үміткерлер үшін 2 әрекет, конкурс өткізілгеннен кейін ақылы негізде оқуға түсушілер үшін 3 әрекет.