қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.02.2022

Абай университеті басшылығының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесуі

 

2022 жылдың 18 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев Абай университетінде болды. Университет басшылығымен кездесуде Алматыдағы ең өзектілердің бірі саналатын студенттік жатақханалардағы орын жетіспеушілігі мәселесі талқыланды.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов университеттің Даму стратегиясын жүзеге асыру және білім беру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарланған жобалар, сондай-ақ жатақхана салу жұмыстарына тоқталды. Ректор Абай атындағы ҚазҰПУ студенттеріне арналған жаңа жатақхана салынатын жер учаскесі анықталып, қоғамдық тыңдаулар өткізілгендігін атап өтті. Бүгінгі таңда университетте 16 800-ге жуық студент білім алып жатқан болса, жатақханалардың жобалық сыйымдылығы 1 800 орынды құрайды.

 

Елнұр Бейсенбаев оқу орнының жұмысымен, студенттердің жатақханадағы тұрмыс жағдайымен танысты. Еліміздің жетекші университетінің тың бастамаларына өз пікірін білдіре отырып, студенттерге мемлекет тарапынан алдағы уақытта да барлық қолдау көрсетілетінін, оның ішінде жоспарланған жатақхана құрылысын жеделдету мәселесінде де қолдау көрсетілетінін баса айтты. Депутат жоғары оқу орындарына жастардың келуі жыл сайын артып келе жатқандықтан, оларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігі де артып отырғанын айтты. Осыған байланысты жаңа жатақханалар салу және бұл өзекті мәселені шешудің басқа да жолдары бойынша жұмыстар жеделдетілетін болады.