қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.02.2022

«Алғыс айту - парызым!» танымдық дөңгелек үстелі

 

2022 жылдың 28 ақпанында Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы және «Бірлік» студенттік ассамблеясының белсенді студенттері «Алғыс айту-парызым!» 1 наурыз күні елімізде атап өтілетін Алғыс айту күніне арналған танымдық дөңгелек үстел өткізді. Университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов құттықтау сөз сөйледі.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы-Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжихан Шахарман өз кезегінде қонақтар мен студенттерді Алғыс айту мерекесімен құттықтап, оның достық пен бірлікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының төрағасы Георгий Иорданиди, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Қазбек Мамсуров, «Коре ильбо» республикалық газетінің бас редакторы, «Қазақстан корейлері қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Константин Ким өз этностық топтарының елімізге қоныс аудару тарихын айтып, қазақ халқына қонақжайлық пен бейбіт өмір үшін алғыс білдірді.

 

«Бірлік» студенттік ассамблеясының мүшелері Джарлкапов Алишер, филология және көптілді білім беру институтының 2-курс студенті, Якупова Бахтинур жаратылыстану және география институтының 3-курс студенті, Курбанбаева Зарина, филология және көптілді білім беру институтының 4-курс студенті, Акимжан Акимжан, математика, физика және информатика институтының 2-курс студенті, Тоқтогулова Альназ, филология және көптілді білім беру институтының 2-курс студенті, Боловнева Анжелика, филология және көптілді білім беру институтының 3-курс студенті және Мажитов Нұртуған, филология және көптілді білім беру институтының 2-курс студенті, татар, ұйғыр, өзбек, қырғыз, орыс және қазақ ұлттары-офлайн-құттықтауға қатысты. Ал онлайн түрінде шараға қатысушыларға «Бірлік» студенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Педагогика және психология институтының 1 курс студенті Марченко Татьяна алғыс білдірді. Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушысы Дүйсенбек Өмірәлиев алғыс сөзін өз әнімен аяқтады.

 

Дөңгелек үстел соңында «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Мақсат Жақауов қатысушылар мен қонақтарды тағы да құттықтады. Өз кезегінде Константин Ким Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына Қазақстан кәрістерінің энциклопедиясын сыйға тартты.