қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
01.03.2022

Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда партияның алатын орны ерекше - Дидар Ділдәбек

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ департамент басшысының орынбасары Дидар Ділдәбек Nur Otan партиясы атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

 

«Бүгінгі Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде қаңтар оқиғасында көтерілген мәселелерге қатысты барлық айтылған кемшілікке назар аударылғанын байқауға болады. Бірінші кезекте Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының партия атауын «Аманат» деп өзгертуі. Одан кейінгі 7 бағыттың барлығы дерлік халықпен байланысты көтеруге бағытталғанын байқаймыз. Бастапқы көтерілген мәселе - бастауыш партиялар жұмысын жетілдіру және төленетін партиялық жарнаның 20%-ы жергілікті жобаларды ұйымдастыруға бөлінетіні. Тағы бір үлкен көтерілген мәселе жұмыссыз жастар. Қаншама бағдарлама іске асса да, жылдан-жылға жұмыссыздар санының артқанын байқаймыз. Себебі жұмыссыздықтың өсу тетіктері белгісіз, жұмыс істейтін жастар неден бастарын білмейді. Бағдарламалардың мақсаты айқын емес. Осыған байланысты Jas Otan ЖҚ форумында жаңа бағдарлама қабылданатыны айтылды. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда партияның алатын орыны ерекше. Жасалып жатқан реформалар өз нәтижесін береді деп ойлаймын», - деді Дидар Ділдәбек.

 

01.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv