Главная /
СМИ о нас
05.03.2022 Абай университеті мен Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы тьюторларды даярлау мәселесін талқылады
Дархан Біләлов Абай университетінің Алматы қаласы мен еліміздің білім саласының нақты мәселелерін шешуге бағытталған белсенді университет ретіндегі міндеттеріне тоқталып, мектептермен тығыз жұмыс жасау, қазіргі таңда сұранысқа ие кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ жұмыс берушілермен және «Өрлеу» орталығымен өзара байланыс орнату, студенттердің практикасын өткізу мәселелерін атап өтті.
Ректор сондай-ақ білім алуға тең құқықты және оның мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолжетімділігін, оларды оқытудың қолайлы бағытын таңдауды қамтамасыз ететін инклюзивті білім беруді дамыту үшін ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Психологиялық тестілеу құралдарын қолдану қажеттігі де айтылды.
«Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының президенті Салтанат Мурзалинова-Яковлева орталықтың қызметі мен педагог-тьюторларды қайта даярлау қажеттілігіне тоқталып, білікті кадрлар тапшылығын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай мамандарға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Кездесу екі тарап үшін де нәтижелі өтті. Кездесуге қатысушылар осы маңызды саладағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.
05.03.2022 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|