қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
04.11.2013

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

    

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 5 желтоқсанда  «Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысуға шақырады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

 

1.                Қазақстан тарихы ғылымы: қалыптасу тарихы, негізгі бағыттары, ғылыми болжамдар;

2.                 Жаңа ғасырдағы тарихнама, деректану және археология ғылымдарының өзекті мәселелері;

3.                 Ежелгі және ортағасырлық  Қазақстан тарихындағы  Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу  белестері;

4.                Жоғары оқу орындарындағы Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері: тың әдістеме, жаңа технология мен ақпаратты құралдарды қолдану;

5.                Тәуелсіз Қазақстан тарихы: жаһандық жаңғыру жолы, халықаралық келісімдер, әлеуметтік-экономикалық даму мен сыни саясат.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарияланады. Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 15  қарашаға дейін поштаға немесе электрондық мекен-жайға жіберу қажет: 

  • конференцияға қатысушының тіркеу үлгісін;
  • мақала мәтінін қағаздағы және электронды нұсқасында талаптарға сай рәсімдеу қажет (1,0 интервал арқылы "Word 2003" редакторында жоғары және төмен жағынан - 2,0 см., сол жағынан - 2.5 см., оң жағынан - 2,5 см. бос жер қалдырып, жоғарғы сол жағында ӘЖК, екі бос интервалдан соң қою шрифтімен бас әріппен жазылған мақаланың атауы, 2 бос интервалдан соң авторлардың аты-жөні, ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы, мекеме атауы, 1 интервалдан соң азат жолдан басталған баяндама мәтіні "Times New Roman" шрифтісінде 11 б.т. кегльмен А4 форматта басылған, материал көлемі 5 беттен аспауы тиіс); зерттеу саласына сай ғылыми жетекшінің /маманның сын пікірі (ғылыми дәрежесі жоқ қатысушылар үшін);
  • жарнасының төленуі жөніндегі түбіртек (ұйымдастыру жарнасы: 3500 теңге)
  • конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындары (жол ақы, қонақ үй, тамақтану) іс-сапарға жіберуші жақтың есебінен төленеді.

 

ТІРКЕУ ТҮРІ:

1.

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2.

Жұмыс орны, мекен-жайы (толығымен)

 

3.

Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы

 

4.

Мақала атауы

 

5.

Жұмыс  бағыты

 

6.

Телефон (жұмыс/үй/ұялы), факс, е-mail

 

7.

Жарнасының төленуі жөніндегі түбіртек

 

8.

Конференцияға қатысу түрі (іштей/сырттай)

 

 

Мекен-жайы және телефоны: 090000, БҚО, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Сарайшық көшесі, 34 үй. № 3 оқу ғимараты, 409 каб., Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы, жұмыс тел. 8(7112) 510469,        e-mail: alfia_b11@mail.ru.

Банк реквезиттері: ҚР Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16,  ТМК 861.

Төлем мақсаты: «Жаңа ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысу үшін.

Толық ақпаратты алу үшін  Бақтығұлова Балқия Ноғайқызына: жұмыс тел. 8(7112)510469, ұялы тел. 87016188452; Байболсынова Альфия Сабырғалиқызына: жұмыс тел. 8(7112)510469, ұялы тел. 87018492931 хабарласуға болады.

 

 

Ұйымдастыру комитеті