қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
14.03.2022

Студенттер «Жастар кәсіпкерлігі» курсынан өтті

 


 

2022 жылдың 18 ақпан мен 11 наурыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушылары және «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы «Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша тәжірибелі бизнес-тренерлер жүргізіп, бизнесті бастаған сәтте оның жүзеге асырылуының сәтті болуы үшін қандай қадамдар жасап, алдымен нені жақсы ойластырып алу керектігі, банкротқа ұшырамау үшін неден сақтану керектігі жөнінде толық түсіндіру жасап, кәсіппен айналысу үшін жобаны неден, оған жету жолындағы кейбір кедергілерді жеңе білудің жолдары туралы жастарға кеңінен дәріс өткізлді. Білім алушылар толық курсты аяқтап өздерінің жобаларын презентация арқылы көрсетіп, қорғады.

 

«Жастар кәсіпкерлігі» курсы бойынша қатысушы студенттердің қорытынды жұмысын университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Исакова, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оқыту департаменті директоры орынбасары Нурлыбек Тлеулиев бағалап, қатысушыларды арнайы сертификатпен және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады.

 

Адамды еңбекке баулып, табысқа қарай ұмтылысына ынталандырып қолдау қашанда пайдалы. Абай атамыз айтқандай, маңдайымыздан аққан терімізді сатуымыз қажет. Жастарға кәсібінің нағыз маманы болуға және өз бастамасын жүзеге асыруға мүмкіндік пен жағдай жасасақ болғаны. Ал, табысты болу жас кәсіпкердің еншісінде.

 

14.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com