Главная
Новости
24.03.2022 «Zhas Zertteushi» мектеп оқушылар мен студенттердің Үшінші халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы мен «Bilim zhane Bolashak» ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды
2022 жылы 19 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Bilim zhane Bolashak» онлайн форматта Ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурс ұйымдастырушылар - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы С.Т.Исалиева және «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы бас редакторының орынбасары Ә.Ә.Момбек, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті, Нархоз университеті «Әлеуметтік ғылымдар» ҒББВ қолдауымен.
Ғылыми шара «Zhas Zertteushi» мектеп оқушылар мен студенттердің Үшінші халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсы аясында өткізілді, финалистер өз зерттеулерін ұсынды.
Конкурсқа Балашиха қ. № 11 гимназия, Қазан қ. № 179 гимназия - білім беру орталығы, Алматы қ. № 165 мамандырылған лицей, Алматы қ., №№ 117, 185, 198 жалпы білім беру мектептер, «Tamos Education» Білім беру мекемесі, Ақмола облысы Жарқайын ауданы Отрадное а. Негізгі орта мектеп, Темиртау қ. Әйелдер гимназия, Сарқанд қ. Абай атындағы мектеп-гимназия, № 1 Красноярск педагогикалық колледж, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Caspian University, UIB Университеті, «Туран-Астана» университеті, Еуразиялық Технологиялық университеті, Еуразиялық гуманитарлық институты, Инновациялық Еуразиялық университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, А.Байтурсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы, М.Қазыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өкілдері қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері конкурстың жеңімпаздары атанды: 1-ші дәрежелі дипломмен Мухадова Айгүл (Өзбекстан, 2 курс, Педагогика және психология институты), Имирова Саида (2 курс, Педагогика және психология институты); 2-ші дәрежелі дипломмен Медведева Екатерина (2 курс, ҚОБТ, Педагогика және психология институты), 3-ші дәрежелі дипломмен Перегрина Полина (2 курс, ҚОБТ, Педагогика және психология институты), Абдықадыр Аружан (3 курс, Жаратылыстану және география институты) марапатталды.
|