Главная /
СМИ о нас
18.03.2022 Жолдауда халықтың күмәнін сейілтетін дүниелер айтылды - Дидар Ділдәбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Жастар ресурстық орталығының үйлестірушісі Дидар Ділдәбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Еліміз Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында «Жаңа Қазақстанға» байланысты халықтың күмәнін сейілтетін дүниелер айтылды. Бірінші кезекте Президент құзыреттілігі жайында айтылды. Алдағы уақытта Парламент палаталарының маңыздылығын арттыра отырып, санын азайту мәселесі, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құрумен қатар, Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы ұсынысты қолдайтыны төбемізді көкке жеткізді. Негізгі жасалған басым бағыт билік орындарының жүйелі жұмысын жетілдіру мен халық алдында абыройын арттыруға бағытталды. Соның ішінде партия төрағалығында әкімдер мен олардың орынбасарларының отыру мәселесін доғару жүйесі«,- деді Дидарбек Ділдәбек.
Оның айтуынша, бұл бастама көппартиялы, бәсекеге қабілетті «Жаңа Қазақстанды» құрудың алғашқы тетігі болды.
«Халық арасындағы мәселелердің көтерілуін жүйелендіру мақсатында Ұлттық құрылтай құру тапсырмасы көкейдегі сұрақтарға жауап беруге негізделіп отыр. Жергілікті билік органдары мен мәслихаттар жұмысына байланысты айтылған өзгерістер легі көп ұзамай өз жемісін береді деп ойлаймын. Жаңа Қазақстанның алғашқы бастамалары құтты болсын! Болашаққа сенім мол. Тоқаев - біздің Президент», - деп атап өтті спикер.
18.03.2022 ж. Ақпарат көзі: inform.kz |