қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.04.2022

QS әдіснамасын түсіндіру және 2022-2025 жылдарға арналған Абай университетінің Даму стратегиясын іске асыру бойынша семинарлар сериясы өтті

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың институттары мен құрылымдық бөлімшелеріне арналған Халықаралық QS рейтингісінің методологиясын және 2022-2025 жылдарға арналған Абай университетінің Даму стратегиясын іске асыру бойынша Стратегия департаментінің ұйымдастыруымен семинарлар сериясы өтті.

 

QS әдіснамасын түсіндіру жұмыстары онлайн платформамен жұмыс жасаудың талаптары мен ерекшеліктерін түсінуге, сонымен қатар беделді халықаралық рейтингте университетті ілгерілету бойынша жалпы көзқарасты қамтамасыз етуді көздейді.

 

Стратегиялық индикаторларға қол жеткізу үшін күтілетін нәтижелерге ықпал ететін негізгі көрсеткіштерді көрсететін Даму стратегиясын іске асыру жоспары қабылданды.

 

Жоспарды іске асыру шеңберінде әрбір көрсеткіш бойынша мақсаттарға қол жеткізу динамикасын көрсететін мониторинг жүргізіледі. 2022 жылдың 1 тоқсанында берілген мәліметтер қорытындысы бойынша тәуекелді бағалау жүргізіледі. Алғашқы мониторинг жүргізілуде.