қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.04.2022

Облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік кабинеттердің басшылары мен мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары

 

2022 жылдың 24 наурыз - 01 сәуір аралығында «Білім беру Альянсы» Консорциумы аясында (4 тамыз 2018 жыл) Абай атындағы ҚазҰПУ мен облыстық (қалалық) Білім басқармалары, «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығы арасындағы меморандум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Оқытушылық шеберлік орталығы облыстық/қалалық, аудандық/ әдістемелік кабинеттері мен орталықтарының әдіскерлері үшін біліктілікті арттыру курсын өткізді (80 сағ.). Курстар қашықтан оқыту форматында өткізілді.


Курсқа Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларының облыстық/қалалық, аудандық/ әдістемелік кабинеттері мен орталықтарының 119 әдіскерлері қатысты.


Бағдарламаның мақсаты - облыстық (қалалық, аудандық) әдістемелік кабинеттер әдіскерлерінің білім беру ұйымын басқарудың педагогикалық тәсілдері мен инновациялық технологияларын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері тұрғысынан әдістемелік жұмысты жетілдіру болып табылады.


Бағдарламаның міндеттері- андрагогика тұрғысынан ересектерді оқытудың ерекшеліктері туралы тұтас түсінік қалыптастыру, мұғалімдерді әдістемелік қолдаудағы тиімді білім беру технологияларының мәнін түсіну; халықаралық зерттеулер (TIMSS, PISA, ECERS-R) тұрғысынан жаңартылған білім мазмұны нормативтік құқықтық құжаттарындағы өзгерістердің себептері мен ерекшеліктері туралы түсінікті жетілдіру; оқу процессінде сыни ойлау, критериалды бағалау мен рефлекциялау дағдыларын дамытуда, коучинг пен менторингте, сабақты зерттеу (Lesson Study) мен іс-әрекеттегі зерттеуді (Action research) жүргізуде тыңдаушыларға қолдау көрсету; сапаны басқару жүйесінің негізгі қағидаттарын, қалалық (ауд) әдістемелік кабинет маманының басқарушылық қызметін құрастырудағы уәждеменің рөлін, өзін-өзі басқарудағы педагогикалық дизайн идеясын түсінуді қамтамасыз ету; жаңартылған білім беру мазмұны парадигмасы шеңберінде коучинг, менторинг, сабақты зерттеу (Lesson Study) және іс-әрекеттегі зерттеу (Action research) қағидаттары практикаларын ұйымдастыру және басқару саласында тьюторлық қызмет дағдыларын қалыптастыру; инклюзивті білім берудің теориялық және практикалық аспектілерін пайдалану дағдыларын жетілдіру; мұғалім мәртебесін, корпоративтік этиканы әдістемелік қолдау бойынша жұмыстың психологиялық аспектілерін жетілдіру болды.


Бұл курстардың ерекшелігі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлаудың әртүрлі әдістемелері мен технологияларын, білім беру процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, білім беру саласында басқару, жоспарлау, жүзеге асыру саласында сапа критерийлерін пайдалануға көп көңіл бөлінді.


Курстың қорытындысы бойынша тыңдаушылар «Әдіскер кейсін» қорғап, әдістемелік жұмыс бағыттары бойынша өзара тәжірибе алмасып, дөңгелек үстел өтті.