қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.04.2022

Сақтардың атамекені - Есік қорғанына саяхат

 

«Ғылым онкүндігі - 2022» аясында Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Қалдыгүл Таспулатова «Тарих-география» мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-ші курс студенттерімен бірге Алматы облысы Есік қаласындағы Сақ дәуірінен сақталған тарихи, мәдени ескерткіштерге, мұражайларға саяхат жасады.

 

Әлемдік маңызы бар рухани мұраларды көру, білу, тану студенттердің білімін дамытып қана қоймай, отансүйгіштікке, елін жерін құрметтеуге, тарихи ескерткіштер мен туған өлкедегі тамаша киелі орындарды қадірлеуге барынша ықпал етті. Патриотизмнің күре тамыры - сақ, ғұн дәуірлерінен бастау алады. Таспулатова Қ.Т. саяхат барысында студенттерге Сақ-үйсін мәдениеті мен Алтын адамның ашылу тарихы, сақтардың дүниетанымы туралы маңызды мәліметтерді баяндап берді. Саяхат өз нәтижесіне жетті, мақсат орындалды.