қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.04.2022

«Д.А. Қонаев - ғасыр саңылағы» көрмесі

 

2022 жылдың 4 сәуір күні Тарих және құқық институтының «Ғылым онкүндігі - 2022» іс-шараларының ашылу салтанаты «Д.А. Қонаев - ғасыр саңылағы» тақырыбында жылжымалы фото-көрмесінің ашылумын басталды. Ғылым онкүндігінің ашылуына байланысты ұйымдастырылған көрмені тамашалауға Абай атындағы ҚазҰПУ ҚЕАҚ Басқарма төрағасы - ректор Д.Н. Біләлов, университеттің Бас ғалым хатшысы Ж.М. Битибаева, Ғылым департаментінің директоры Ұ.М.Әбдіғапбарова, Филология және көптілді білім беру институтының директоры - А.В.Таңжарықова, ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Г.А.Баймбетова арнайы келді. Сонымен қатар, институттың кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

 

«Ғылым онкүндігі - 2022» іс-шараларының ашылу салтанатын институт директоры А.М.Джунусов ашып, ұйымдастырылып отырған көрменің мақсатын айтып, Д.А.Қонаевтың ғылым жолымен, ғылым жолындағы еңбектерімен тереңінен таныстырды.

 

Шара жалғасын Д.А.Қонаев мұражайының аға ғылыми қызметкері - Нуриля Жусипбаева, экскурсовод - Гүлнұр Думанқызы жалғастырып, университеттің білім алушыларын жылжымалы фото-көрмеде қойылған Д.А. Қонаев тұлғасы, оның мемлекетті дамытып-өркендетудегі рөлі мен еңбегі, адамгершілік қасиеттерімен байланыстыра таныстырып, тұлға туралы видеослайд, видеоролик көрсетті.

 

Көрме барысында, университетіміздің кітапхана қызметкерлері С.О. Акежанова, Г.Майкөтова Д.А. Қонаевтың жеке өзінің кітаптары мен қызметтес әріптестерінің кітаптары орын алған кітап көрмесімен таныстырды.

 

Жылжымалы фото-көрмесін тарих және құқық институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары - М.М. Муратказин қорытындылап, білім алушыларға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақ елінің дамуына ерекше үлес қосқан аса көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткерлігіне, сонымен қатар ол кісінің ғылымға да өте жақын болғандығын, бір әулеттен үш академик шыққандығына, еліміздің Ұлттық Ғылым академиясын басқарған жылдарындағы еңбектеріне тоқталып, қатысушыларға өз алғысын айтты.