Главная
Новости
06.04.2022 Ғылым онкүндігі-2022: «Композиция және түс» шеберлік сыныбы
2022 жылдың 5 сәуірінде ғылым онкүндігі аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дизайн» кафедрасының доценті Гүлжанат Қабижанова студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Композиция және түс» тақырыбында практикалық шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында студенттерге түстер үйлесімінің мысалдары келтірілді (қарама-қарсы, туыстас және басқалар), түс композициясы жайлы идеялар кеңейтілді, сонымен қатар әртүрлі тапсырмалар ойын форматында берілді. Мастер-класстан кейін студенттер өздері таңдаған түс шешімдерін талдап, қорытынды жасады.
|