Главная /
СМИ о нас
06.04.2022 «Магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулар» семинары
2022 жылдың Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ғылым Онкүндігінің аясында өткізілетін іс-шаралардың күнтізбесіне сәйкес, 2022 жылдың 5 сәуірінде «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Іс-шараға «Ғылым, мониторинг, халықаралық ынтымақтастық» бөлім жетекшісі Дүйсенбаев А.Қ., «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының жетекшісі Ниетбаева Г.Б. және кәсіби даярлау бөлімінің оқытушылары Жігітбекова Б.Д., Бекмуратова Г.Т. және 1-2 курс магистранттары қатысты.
Магистрлік диссертацияны орындау кезеңдері; магистрлік диссертация құрылымына қойылатын талаптар; аннотация құрылымына қойылатын талаптар; магистрлік диссертацияны рәсімдеу ережесі; магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну; магистрлік диссертацияны қорғау рәсімі бойынша сұрақтар қарастырылды.
Ғылыми-әдістемелік семинар барысында магистранттардың теориялық және тәжірибелік білімін арттыру, өз ойларын нақты жеткізу, рефлексиялық қабілеттерді дамыту, ақпаратты жан-жақты талдау, өздігінен жаңа түсінік пен білім құрастыру, өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру мен өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білуі мақсатында әртүрлі әдістер (миға шабуыл әдісі, коучинг және интербелсенді әдістер) қолданылды.
|