Главная
Новости
08.04.2022 Шетел азаматтарға арналған филология мамандықтары кафедрасы кезекті XIII халықаралық ғылыми конференциясын өткізді
Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 7 сәуірінде Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі факультеті шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықаралық білім кеңістігінде» жас ғалымдарға арналған кезекті ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясы онлайн режимде өтті. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қытай, Мысыр, Филиппин, Сирия, Венесуэла және басқа елдердің зерттеушілері қатысты.
Пленарлық отырысты Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің директоры У.М. Абдиғапбарова ашты және қатысушылар географиясының кеңдігін, университеттің халықаралық байланысын кеңейтудің маңыздылығын атап өткен.
Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының консулы Барышникова Т.В. өзінің құттықтау сөзінде консулдық жобалары туралы айтып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттерге оқулықтары мен оқу құралдарын сыйлады.
ЮЭСУ (Чжэнцзян, Қытай) Чжэцзян шет тілдер институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Ву Яньцю Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы табысты тәжірибесімен бөлісті және шетел азаматтарына арналған филология мамандықтар кафедрасымен екіжақты ынтымақтастықтың табысты жалғасатынына сенім білдірді.
Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің (Мәскеу, РФ) Цифрлық білім беруді дамыту институты директорының орынбасары А.В.Юдин жас зерттеушілермен жұмыс жасаудағы ерекше шығармашылық атмосфераны атап өтіп, қатысушыларға жемісті нәтижелер тіледі.
ОҚПУ қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы (Шымкент, Қазақстан) А. Қ. Оралбекова. Қазақстандағы инклюзивті білім беру және оның даму перспективалары туралы айтты.
Lakeview School Almaty директорының орынбасары «Lakeview School Almaty» білім беру мекемесі (Алматы, Қазақстан) мен шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедрасы арасындағы серіктестік туралы айтты. Мұндай табысты шығармашылық одақтар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Вячеславовна Попованың айтуынша, оқудағы сабақтастық пен «Мектеп-ЖОО» моделінің табысты өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасайды.
Пленарлық отырысты қорытындылай келе, конференция модераторы, филология мамандықтары кафедрасының меңгерушісі С.Б.Бегалиева студенттердің шетелдік контингентін арттырудағы кафедраның ерекше миссиясына тоқталып, шетелдік студенттердің жоғары саны университеттің халықаралық рейтингтеріндегі орнын жақсартуға ықпал етеді.
Пікірталастардың жалғасы тренинг сабақтары аясында өтті. Үздік баяндамалар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конференцияның қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы мен тезистерін шығару қарастырылған.
Қазақстан халықаралық білім кеңістігіндегі XIII ғылыми конференциясының барлық қатысушыларын табысты жұмысымен құттықтаймыз және жыл сайынғы іс-шараға қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.
|