Главная
Новости
08.04.2022 Эко-блогермен кездесу
2022 жылдың 6 сәуірінде Жаратылыстану-география институтының «Экология», «География», «Туризм» мамандықтарының студенттері үшін «Экология» бағыты бойынша Ғылым онкүндігінің жоспарланған іс-шараларының бірі ретінде экоблогер Мөлдір Бегімбетпен (@mop.moldir) кездесу ұйымдастырылды. Ол өз кезегінде «Экологиялық өмір салты - сапалы өмір кепілі» атты лекциясын ұсынды.
Мөлдір Бегімбеттің негізгі мамандығы - журналист. Бірақ ол қазақ тіліндегі экологиялық мәселелерге арналған жеке интернет-журналын басқаратын экоблогер ретінде танымал.Ол кейінгі кәсіби шығармашылық қызметінде осы екі саланы - журналистика мен экологияны біріктіре отырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін көтеріп, халыққа экологиялық білім беруді насихаттай бастады.
Мөлдірдің ұсынған тақырыбының басты мақсаты қазіргі адамзат қоғамының, оның ішінде жастар қоғамының арасындағы кең тараған өзекті мәселелердің бірі экологиялық сауаттылықты, мәдентиетті көтерудің қарапайым, оңай жолдары арқылы экологиялық саналы іс-әрекеттерді жасауды насихаттау. Ерекше тоқталған бағыты қоршаған ортаны таза ұстаудың бірден-бір жолы ретінде күнделікті тұрмыстық қоқыстарды сұраптаудың, оны арнайы орындарға тапсырудың жолдарымен таныстырды.
Экоблогер мен студенттер арасында тығыз да, терең пікіралмасу жүрді. Студенттер тарапынан қызығушылық байқалды. Студенттер болашақта экологиялық интернет парақшаларын қалай ашу, бастау және дамытуға байланысты қызықтырған сұрақтарына танымды жауаптарын алды.
|