қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
11.04.2022

«Академиялық жазылым: негізгі принциптері және ерекшеліктері» вебинары


2022 жылдың 8 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Ғылым онкүндігі -2022» аясында «Академиялық жазылым: негізгі принциптері және ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми вебинар өткізілді. Іс-шара онлайн формада өтіп, оған университеттің магистранттары, PhD докторанттары, жас зерттеушілері мен қызығушылық танытқан тараптар қатысты. Вебинарға арнайы спикер ретінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Нұрбол Құдайбергенов шақырылды. Сонымен қатар ҚазҰПУ постдокторанттары Талғат Қилыбаев, Шырын Акимбекова, Бакытгул Молдағали, Айгерім Байкулова іс-шараның өтуіне белсенді атсалысты. Спикерлер жазу өнері, оның ерекшеліктері, жазу дағдыларын дамыту, академиялық жазылым, соның ішінде эссе, мақалалардың ғылыми мәтіндерін жазу принциптеріне тоқталып, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Вебинарға қатысушылар сұрақтарын қойып, құнды жауаптар алды.