қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.04.2022

Қоғамды түсіну-болашақты тану


2021 жылдың 13 сәуірінде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Батырханова Әсел, Арипжанова Ұлдана, Сарыбаева Айгерім және Амангелді Дәурен Алматы қаласындағы Жалпы білім беретін «Көкіл» мектеп-колледжінің 11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар жұмысын өткізді.

 

Кафедра оқытушылары университет тарихы, саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы, оның ішінде қоғамдық пәндердің болашағы туралы түсіндірулер жүргізді.Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, белсенді сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.