Главная
Новости
14.04.2022 «Ахмет Байтұрсынұлы - әдебиет зерттеуші» вебинары
Ғылым онкүндігі аясында 2022 жылдың 13 сәуірдінде «6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалім» мамандығы бойынша араб, корей, қытай, түрік бөлімдерінің студенттерімен бірге «Ахмет Байтұрсынұлы - әдебиет зерттеуші» шығармашылық кеші өтті.
Вебинарды Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің жетекшісі Шолпан Колумбаева өзінің құттықтау сөзімен ашып, PhD. Мағрипа Ибраева мен ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалім мамандығы студенттеріне сәттілік тіледі.
Ибраева М.К. Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолымен қатар биыл 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетіндігіне тоқталды.
«6В01709-Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалім» мамандығының араб, корей, қытай, түрік бөлімдерінің студенттері Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерімен, туындыларымен, нақыл сөздерімен жан-жақты, толық таныстырды.
Доцент Жанна Акпарова вебинарға баға берді. Оның пікірінше, маңызды және өзекті іс-шара тек танымдық, тәрбиелік мәнімен ғана ерекшеленіп қоймай, жас ұрпаққа Ахмет Байтұрсыновтың рухани-адамгершілік қасиеттерін көрсетті.
Университет бойынша педагогикалық цикл пәндер бөлімінің ғылыми зерттеу жұмысына жауапты Жанар Ибраимованың ұйымдастыруымен өткізілген шығармашылық кеш жан-жақты талқыланып, өз нәтижесіне жетті.
|