қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
18.04.2022

Педагогика және психология институтында Ашық есік күні

 

2022 жылдың 15 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының Кәсіби даярлау «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламалары және Маркетинг бөлімдері ұйымдастыруымен онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы «Талапкер-2022» Ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне гуманитарлық-техникалық колледж түлектері және еліміздің әр аймақтарынан мектеп оқушылары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Бастауыш білім беру» бағдарламаларын кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін көтеру, оқуға түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Бұл күні «Бастауыш білім беру» бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері өздері оқитын білім беру бағдарламалары туралы презентацияларын ұсынды, барлық қатысушылар білім беру бағдарламасы басшылары және профессор оқытушыларымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

 

Колледж түлектері мен мектеп бітірушілері университет, білім беру бағдарламалары, жатақхана, мемлекеттік гранттар және жеңілдіктер туралы сұрақтарын қойды. Іс-шараны ұйымдастырушы оқытушылары мен студенттер талапкерлердің қызығушылық танытқан барлық сауалдарына жауап берді, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-де білім алудың артықшылықтары туралы әңгімеледі.

 

Ашық есік күні жоспарлаған бағытпен сәтті өтті. Талапкерлерге байланыс ақпараттары толық берілді. Ашық есік соныңда қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерінің алғыстарын білдірді. Іс-шараны ұйымдастыруға ерекше атсалысқан профессор-оқытушылар мен студенттерге алғысымыз білдіреміз.


Іс-шараны ұйымдастырушылар - Педагогика және психология институтының маркетинг бөлімінің жетекшісі -Жанкушков Б.О.; «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің профессор-оқытушылары: қауымдастырылған профессор Асел Ақпаева, оқытушылар Жунисбекова Азиза және Жұмабаева Жазира, оқытушы Калбергенова Шолпан. Оларға 2, 3 курс студенттері Мырзатайқызы Іңкәр, Құралбайқызы Гүлнұр, Шубай Аймерек, Баратова Әсем және Исмағұлова Индира белсенді көмек көрсетті.