қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.04.2022

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

 

2022 жылдың  20 сәуірінде Педагогика және психология институтының аға оқытушы Жанкушков Бауыржан  «6В01304 - Бастауыш білім беру көптілділікпен» бағдарламасының 1 курс студенттерін «Педагогикалық қызметке кіріспе» оқу практикасымен, болашақ кәсіби жұмысының ерекшеліктерімен, бастауыш оқыту үдерісінің мақсат мен міндеттерімен және бастауыш мектепте жүргізілетін оқу қызмет түрлерімен таныстырды.

 

Осы іс-шара аясында студенттер Алматы қаласы, Алатау ауданың  №185 жалпы білім беретін мектепке барып, мектептін ішкі өмірімен, әртүрлі технологиялық бағыттарда дайындалған және жабдықталған кабинеттермен танысты. Бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылардың шынайы қарым-қатынасын көрді.

 

 №185 ЖББМ мұғалімдерінің ұйымдастырған мастер-тренинг сабақтарына 1 курс «6В01304-Бастауыш білім беру көптілділікпен» білім беру бағдарламасының студенттері төмендегі кесте бойынша қатысты.

 

Пәні, тақырыбы

Уақыты

Өтілетін орны

Жауаптылар

1

Ана тілі: «Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Нұр-Сұлтан мен Алматы»

20.04.2022ж.

09:00-09:45

4 кабинет

1 «г» сынып

Т.А.Медешова

2

Ана тілі: «Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Құстарға қамқорлық»

20.04.2022ж.

09:50-10:30

5-кабинет

1 «ж» сынып

Н.Канапова

3

Математика «Монеталар құны.Баға»

20.04.2022ж.

09:00-09:45

3-кабинет

1 «в» сынып

Ф.Шаугимбаева

4

Ана тілі: «Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Нұр-Сұлтан мен Алматы»

20.04.2022ж.

09:00-09:45

14-кабинет

1 «ә» сынып

А.Қ.Бейсенова

3 курс студент

Практикант

5

Тренинг «Бала-отбасының болашағы»

20.04.2022ж.

09:50-10:30

14-кабинет

Л.К.Екибаева

 

Сабаққа қатысу нәтижесінде студенттер бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктері туралы, мұғалімінің педагогикалық іс-әрекеті жайлы және педагогикалық іс-әрекеттін құрылымы туралы, бастауыш сынып оқу үдерісіндегі қоладнылатын құжаттар жайында ақпарат алды.

 

Іс-шараның қорытынды кезеңінде №185 ЖББМ директоры Данагуль Кержикеева  ұстаз жұмысының қыр-сыры туралы   айтып, студенттерге  сәттілік тіледі.