Главная
Новости
27.04.2022 «Функционалдық оқу сауаттылығын дамытудың заманауи әдістемесінің аспектілері» вебинары
Бұл іс-шараның мақсаты - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне функционалдық оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында функционалдық оқу сауаттылығы дағдылары; оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша ЭЫДҰ ұсыныстары; функционалдық оқу сауаттылығын дамытатын тапсырмалар қаралды.
Іс-шараның ұйымдастырушысы - Россотрудничествоның Алматыдағы өкілдігі. Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ ЮНЕСКО-ның педагогика кафедрасының меңгерушісі, Илдана Халитова жүргізді.
Сабақ интерактивті форматта өтті. Оқытушылармен диалог жүргізіліп, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістемесінің сапасы белсенді түрде талқыланды.
Тыңдаушылар лектор мен вебинар ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді, сабақтың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Шара соңында оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту мәселесін шешу жолдарын әзірлейтін сабақ өткізу қажеттігі туралы пікір айтылды.
|