Главная /
СМИ о нас
28.04.2022 Білім және ғылым министрлігі студенттермен кездесті
2022 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің жұмыс тобының мүшелері Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездесті.
Кездесуге университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Бектемесов, Комитет төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының кеңесшісі Наталья Жұмаділдаева қатысты.
Мақтағали Бектемесов бітіруші курс студенттері үшін мұғалім жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтарды тартуға арналған арнайы бағдарламаның және оларды қолдау шараларының маңыздылығы мен мүмкіндіктерін атап өтті.
Жұмыс тобының мүшелері ел Президенті Қ.Тоқаевтың мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы толық ақпарат беріп, бағдарламаның міндеттері мен артықшылықтары, Үйлестіру кеңесінің қызметі және оның функциялары туралы, педагогтар мен түлектерге арналған конкурс талаптары туралы айтып берді.
Үйлестіру кеңестері өңірлердегі кадр қажеттілігін анықтап, педагогтарды тарту бойынша ақпараттық жұмыстар мен іс-шараларды жүргізіп, үміткерлердің құжаттарының осы бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды. Оның басты мақсаты - қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту. Бұл - өте маңызды мәселе.
Жұмысқа тартылған педагогтарды әлеуметтік қолдау үшін жалақының өсу коэффициентін белгілеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл түлектерге жұмысқа орналасуға, үлкен кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік.
Абай университетінің студенттері осы мәселелерді талқылауға белсене қатысты, оларды тек жалақы мен баспана мәселесі ғана емес, сонымен қатар педагогикалық кадрлар тапшылығы бар өңірлердің климаты, тарихы мен мәдениеті қызықтырды. Студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
28.04.2022 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |