Главная
Новости
29.04.2022 Университет пен колледж ынтымақтастығы - уақыт талабы
2022 жылдың 28 сәуірінде Алматы облысы, Панфилов ауданы Жаркент қаласында, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жаңа қазақстандағы білім беру қызметін көрсетудегі - маман келбеті» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталған конференция пленарлық мәжілісіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, педагогика және психология институтынан «Ғылым, мониторинг және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің» жетекшісі Абай Дүйсенбаев, аға оқытушы Бауыржан Жанкушков қатысып, бүгінгі күні маман дайындауда қажеттілігі артып отырған оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, инновациялық процестердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды. Конференцияға еліміздің барлық өңірінің университет профессор-оқытушылары, колледж, мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.
|