қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.05.2022

«STEM білім беру: жаратылыстану-математика бағыты пәндерін оқытудың технологиясы» онлайн-семинары

 

2022 жылдың 3 мамырында ынтымақтастық туралы меморандум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылындағы №59 орта мектеп арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық және серіктестіктің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс жоспары бойынша «STEM білім беру: жаратылыстану-математика бағыты пәндерін оқытудың технологиясы» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Онлайн-семинарға Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан шалғай ауылдық мектептер қатысты.

 

Атап өтсек, Қарақұм ауылдық округі Абай ауылының №59 орта мектеп, Арал қаласының Т.Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия, Арал қаласының №220, №14, №231, №83 орта мектептер, Қаратерең аулының №82 орта мектеп, Сексеуіл кентінен №177 орта мектеп, Қосжар аулының №67 орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушы - «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Венера Рыстыгулова. Спикерлер - Педагогика ғылымдарының магистры, «Физика» мамандығы бойынша 1-курс докторанты Жомарт Наушабеков; «Физика» кафедрасының қауым. профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Венера Рыстыгулова; «Математика және математикалық модельдеу» кафедрасының аға оқытушы, PhD доктор Кадржан Шияпов; «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Ербол Оспанбеков.

 

Семинар барысында спикерлер STEM білім берудің өзектілігінің 5 себебін, STEM оқыту әдістерін, мектеп аясында STEM білім беруді жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетіп, STEM білім беру туралы жазылған әдебиеттер мен интернет-ресурстардың тізімін көрсетті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=