қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.05.2022

Филология институтының студенттері М.О.Әуезовтің мұражай-үйінде болды

 

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 2022 жылдың 5 мамырында 1 курс студенттері Филология институтының Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Әсел Алмабекова, Арайлым Раева және Мейірхан Сымбатпен бірлесіп,»Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына барды. Бұл әдеби-мемориалдық мұражай Алматыда М.Төлебаев 185 көшесінде орналасқан. Қазақ классикалық әдебиетінің негізін салушы өмірінің соңғы 10 жылы (1951-1961) тұрған үй 1963 жылы 28 қарашада ашылды. Дәл осы жерде ол өзінің көп жылғы еңбегі - әйгілі төрт томдық «Абай жолы» эпопеясын аяқтады.

 

Осы жылдар ішінде мұражай қазақ және әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының біріне айналды. Әуезов үйінің мемориалдық құндылықтары - қолжазбалар, мұрағаттық материалдар, фотосуреттер, жәдігерлер, жеке заттар, эпистолярлық мұралар, кино, аудио және бейнематериалдар Қазақстанның ұлттық қазынасы және еліміздің рухани мәдениетінің символы болып табылады.

 

М.Әуезов үйінің басқа мұражайлар мен мәдениет мекемелерінен ерекшеленетін мәртебесі бар. Оның қызметкерлері үлкен мәдени-ағарту жұмыстарымен қатар ғылыми ізденістермен де айналысып, ұзақ жылдар бойы жазушының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, көп томдық шығармаларын жинап, басып шығаруда. Оқытушылар мен студенттер Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығымен танысып, сұрақтарына жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=