қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.05.2022

 

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

 

Құрметті әріптестер және білім алушылар! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - бізге бейбітшілік пен ашық аспан сыйлаған халқымыздың жанқиярлық ерлігінің күні. Бүгінде бұл мереке - тәуелсіздіктің биік шыңы да, еліміздің өркендеуі де. Біз әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігін әрқашан есте ұстауымыз керек. Олардың қайсарлығының, табандылығының арқасында біз бейбіт заманда өмір сүріп, қазақстандықтардың жаңа ұрпақтары үшін жарқын болашаққа жол аштық.

 

Аға буын әкелген жеңіс бүгінде бізді жаңа жетістіктерге жетелейді, жанымызға қуат беріп, қиындықтарды еңсеруге, алға ұмтылуға көмектеседі. Бүгінгі жастарды қымбатты ардагерлерімізге құрметпен қарауға, оларға қамқорлық жасауға шақырғым келеді.


Құрметті ардагерлер!

 

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, жылулық, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласы, ал отбасыларыңызға - жақсылық пен береке тілеймін!

 

Ұлы Отан соғысының қаһармандары мен тыл еңбеккерлерінің есімі ризашылыққа толы ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады. Отанымызды қорғау және оның өркендеуі үшін бірлесіп жұмыс істеу - барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды міндет.

 

 

Құрметпен, ректор Д.Біләлов