қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.05.2022

Филолог-студенттердің академиялық ұтқырлығы

 

Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасын дамытуды жалғастыруда. Абай атындағы ҚазҰПУ және Слупск қ. (Польша) Помор академиясы арасындағы келісім-шартқа сәйкес ағымдағы оқу жылында тағы 6 студент семестрлік оқуға жіберілді. Олар «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 және 2 курс студенттері.

 

Бес ай ішінде студенттер Польша университетінің оқу бағдарламасын меңгеретін болады, ал болашақта олардың кейбіреулері бірнеше жылдан бері орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында табысты жүзеге асырылып келе жатқан қос дипломды білім беру бағдарламасына қосылады.

 

Жас филологтар жаңа пәндерді қызығушылықпен оқиды, еуропалық білім беру жүйесімен, поляк халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен танысады. 2019 жылы Помор академиясында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында ашылған Абай атындағы Қазақ ғылымы мен мәдениеті орталығы біздің студенттер үшін сабақтар мен кездесулердің сүйікті орнына айналды.

 

Презентация

 

  alt=