Главная
Новости
13.05.2022 Абай университетінде инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы ашылды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Дара» қорының қолдауымен инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасының салтанатты ашылуы өтті деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Еліміздің жетекші педагогикалық университетінің жаңа құрылымының мақсаты - инклюзивті және арнайы білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, студенттерді оқыту, жаңа формацияның мектеп мұғалімдерін, құзыретті, тәжірибеге бағытталған педагогикалық кадрларын даярлауда зертханалық ресурстар мен жаңа салалық технологияларды пайдалану.
Д.Біләлов ерекше балалар мен олардың отбасыларын қолдау үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығын атап өтті.
«Әр баланың физикалық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, эмоционалдық ерекшеліктеріне, жынысына және басқа да факторларына қарамастан, білім алу мүмкіндігі болуы керек. Мемлекеттің міндеті - бұл үшін барлық қажетті жағдайларды жасау, педагогикалық жоғары оқу орындарының міндеті - ең алдымен мектептерді ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытатын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету. Жаңа зертхананың ашылуы бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытуға өз ықпалын тигізетініне сенімдімін», - деді ректор.
«Дара» қорының жетекшісі Гүлнар Досаева инклюзивті білім беруді дамыту өзі жетекшілік ететін ұйымның негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. «Біз мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына инклюзивті білім беру кеңістігін аша отырып, Қазақстан Республикасының 50-ден астам мектебімен тығыз жұмыс жасаймыз. Балалардың оқуына және мұғалімдердің кәсіби жұмысына қолайлы жағдай жасау үшін біз жаңа білім беру технологияларын қолдануға тырысамыз», - деп атап өтті.
«Дара» қорымен ынтымақтастық аясында зертхананың тиімді жұмыс істеуі үшін оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және практиктерді тарту жоспарлануда; еліміздің арнайы және жалпы білім беретін оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту; болашақ мұғалімдерді дуальды оқыту, сонымен қатар ЕБҚ бар балаларды диагностикалық зерттеу және оңалту.
Іс-шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне қосу, инклюзивті жобалық ойлау шарттары, жүзеге асыру кезеңдері мен әдістері, елімізді арнайы педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; Big Data технологиялары және оларды білім беру саласында қолдану; спорттық, шығармашылық және тәрбиелік қолдау дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ «Инклюзивті білім берудегі нейропсихологиялық әдістер», «ҚР арнайы педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі», «Big Data технологиялары және оларды білім беру саласында қолдану» тақырыптарында дәріс-сұхбатар, «Инклюзивті дизайн-ойлау:іске асырудың кезеңдері мен әдістері», «ЕББ қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру кеңістігіне қосу шарттары» семинары өткізілді.
Барлық қатысушылар атап өткендей, іс-шара өте жемісті өтті, зертхананың ашылуы қазіргі және болашақ мамандар үшін пайдалы болады.
13.05.2022 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz |