қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.05.2022

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тенденциялары мен перспективалары» қонақтық дәрісі

 

2022 жылдың 20 мамырында Институционалдық тиімділік кеңсесі Алмалы корпоративтік бизнес мектебінің операциялық директорының спикері, э.ғ.к., PhD Естекова Гүлзира Булатқызының «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тенденциялары мен перспективалары» тақырыбындағы қонақтық дәрісін ұйымдастырды. Дәрісті университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тыңдады.

 

Сондай-ақ, спикер ақпарат көлемінің ұдайы ұлғаюына, сонымен бірге, білімнің тез ескіруіне байланысты қазіргі білім беру үдерісінің өзекті мәселелері туралы талқылауға арналған тақырыптарға тоқталды. Зерттеушілер атап өткендей, қазіргі әлемде білім мен дағдылардың «өмірлік циклі» өте қысқа. Маман білімінің ескіруін өлшейтін арнайы бірлік - «құзыреттілік жартылай шығарылу кезеңі» деген тұжырымдар айтылды.

 

Сонымен, қазіргі білім беру ең алдымен ойлауға, ақпаратты өңдеуге және алған білімдерін өмірде қолдануға үйретуі керек. Мұны университет түлектерінің өздері де растайды, олар бүгінгі таңда жоғары білім қордан тыс пайымдау мен ойлауға, білім алуға, көп ақпаратпен жұмыс істеуге үйрету керек деп есептейді. Дәріс барысында еңбек нарығын өзгертетін негізгі тенденциялар туралы сұрақтар қарастырылды.

 

Дәріс жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылып, белсенді талқылау жүргізілді. Жалпы, дәріс өте қызықты және өзекті болды. Лектор аудиторияның барлық сұрақтарына жауап берді, кәсіби қызметте қолдануға болатын жеке тәжірибесінен мысалдар келтірді.

 

Қонақ дәріс соңында жиналғандар өз алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=