қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.12.2019

Құрметті білім алушылар! 

 

Сессия барысында жемқорлық фактілеріне жол бермеу және университетіміздің «Академиялық адалдық» кодекс ережелерін сақтау мақсатында ректор өкімімен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және оның алдын алу жөніндегі сараптамалық тобы құрылды.


Аталмыш топ мүшелері сессия барысында күнделікті емтихан жүргізілетін адиторияларда кезекшіліктер ұйымдастырып, білім алушылар арасында сауалнама жүргізеді.


Университетіміздің Ғылыми кеңесі мәжелесінің 23.10.2019 шешімі негізінде «Академиялық адалдық» кодексіне келесідей өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді: «6.3.Білім алушы емтихан тапсыру кезінде жазбаша (баспа, қолжазба) дереккөздерден көшірген және әр түрлі техникалық байланыс құралдарын (ұялы телефон, электронды сағаттар, сымсыз құрылғылар) пайдаланған жағдайда» ОҚУДАН ШЫҒАРЫЛАДЫ.


Осыған орай, емтихан сессиясы барысында баршаңызды «Академиялық адалдық» кодекс ережелерін сақтауға және жемқорлық фактілеріне жол бермеуге шақырамыз!


Қосымша ақпарат:
1. Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімі
2. «Академиялық адалдық» кодексі (қазақ және орыс тілдерінде)
3. Университет ректорының сараптамалық топ құру туралы өкімі
4. Профессор-оқытушылар құрамы және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және оның алдын алу жөніндегі сараптамалық топ құрамы