қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.05.2022

«Балалар мен жастардың дарындылығын және қабілеттілігін дамытудың қазіргі технологиясы» халықаралық дөңгелек үстелі


2022 жылғы 31 мамырда Абай университетінің Педагогика және психология институты «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» ПБ кәсіби дайындық бөлімінің ұйымдастыруымен Польшадан келген шетелдік ғалым, Мария Гжегожевская университетінің Педагогика институты шығармашылық педагогикасы және әдіснамасы кафедрасының доценті, доктор Милош Романюктің қатысуымен «Балалар мен жастардың дарындылығын және қабілеттілігін дамытудың қазіргі технологиясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

 

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» ББ профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар қатысып, келесі баяндамалар тыңдалды:

1. Мария Гжегожевская университетінің Педагогика институты шығармашылық педагогикасы және әдіснамасы кафедрасының доценті Милош Романюк - «Польшадағы дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі туралы: ерекше жастармен жұмыс жасаудағы экстремалды әдістер»;

2. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Ақмарал Сатова - «ҚР-да оқушылардың қабілеттілігін және дарындылығын дамытуды және қолдауды диагностикалау жүйесі»;

3. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, «Арнайы педагогика» ББ жетекшісі Ақбота Аутаева - «Арнайы педагогикадағы дарындылық мәселелері»;

4. Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Анель Садыкова - «Психология мамандығы студенттері үшін артпрактика және креативтілікті дамыту технологиялары».

 

Сонымен қатар, дөңгелек үстел жұмысында «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» ББ магистранттары мен докторанттары баяндама жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=