Главная
Новости
27.03.2017 Дұрыс мамандық таңдау, дұрыс өмір жолын таңдау Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қарқыны жеделдеп отырған заманда адамның интеллектуалды еңбек үлесі өсетіндігін және білім деңгейіне, шығармашылық даралығы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талап та жоғарылайтындығын заман дәлелдеп отыр. Сондықтан да өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Кәсіби бағдар беру жұмысына жаңаша тәсілдер мен формалары пайдалануда, Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Кәсіби бағдар» форумы құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж. Пірaлиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында қабылдау коммисиясының төрағасы профессор Б. Иманбердиевтің басқаруымен 2016 жылы құрылған «Кәсіби бағдар форумы» өз жемісін беріп те үлгерді. Топ жетекшісі Е. Бірталаев басқарған топ шалғайда жатқан Жамбыл обылысының Тараз қаласы, Жуалы, Байзақ, Т. Рысқұлов, Меркі, Шу қаласындағы мектептерде болып, 1500-ден аса тулектермен және олардың ата -аналарымен пікір алмасып, 2017 жылғы ҰБТ /КТ жүйесінегі жаңалықтармен таныстырды: 1 блок- 3 міндетті пән:
2 блок екі бейіндік пән бойынша ( таңдаған мамандығына байланысты ) әр пәнде 30 тапсырма (20 тапсырмасы,бір дұрыс жауаптан, 10 тапсырмасы бірнеше дұрыс жауаптан тұрады); Жоғары балл:140 Шекті деңгей:50 балл Сонымен қатар тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ -дың тарихы және материалдық-техникалық базасымен, ондағы заман сұранысындағы мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін гранттарымен, әлеуметтік жеңілдіктермен таныстырылды. Мектеп бітірушілер және ата-аналармен сұхбат барысында өзекті мәселелерге тоқтала келіп, сұрақ қойылып, толығымен қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Сөз соңында мектеп ұжымы және ата-аналармен білімгерлер алғыстарын айта отырып, осындай іс-шараның қажеттігі мамандық таңдауда үлесі зор екендігін айта отырып, жыл сайын осындай іс-шараның өтілуіне сұраныс жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алсақ деген ниеттерін айтып, форумды ұйымдастырған университтет ректорына өз алғыстарын білдірді. Оқушы тұлғасының кәсіби бағыттылығы дегенді біз оқушының мамандық таңдауға өзі қалап және белсенді қарым-қатынасынан көрінетін адам әрекетінің бір бөлшегі деп түсінеміз. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру әрқашан маңызды мәселе болмақ. Себебі дұрыс мамандық таңдау ол ертеңгі ел тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры. Дұрыс кәсіп таңдаған адам - рухы биік тұлға болатыны анық. Рухы биік елдің - жарқын болашағы да айқын болары сөзсіз.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы |