қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
27.12.2019

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2019 жылдың 28 желтоқсаны жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңының 4 бабының 4 тармағына сәйкес, Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi.


Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, Заңды орындалуын қамтамасыз ету және жалпыұлттық аза тұту мерзімі ішінде барлық жоспарланған мәдени-көпшілік шараларды тоқтату қажеттігін хабарлаймыз.


 

Ректорат