Главная
Новости
13.06.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі Польша университетінде PhD докторы дипломын алды
2022 жылғы 10 маусымда Слупск қаласының (Польша) Помор академиясында ағымдағы оқу жылында диссертацияларын қорғаған жас ғалымдарға PhD докторының дипломдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы үшін бұл оқиға да маңызды әрі қуанышты болды: Помор академиясының ректоры профессор Сбигнев Осадовский Польша университетінің докторантурасында оқуын сәтті қорғаған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бакалавриат және магистратура түлегі Максим Пономаренкоға диплом табыс етті.
Қазіргі уақытта Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жүрген Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен студенттері салтанатты шараға қатысты.
Помор академиясында біздің университеттің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының бастамасымен ашылған Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының үйлестірушісі - Максим Пономаренко. Максим орталықты дамыту және екі елдің мәдениеттерін жақындастыру үшін көп жұмыс жасайды. Ол 2022 ж.9-10 маусымда Помор академиясында төртінші рет өткен жыл сайынғы «Абай оқулары» Халықаралық ғылыми семинарының модераторы болып табылады.
Дарынды жас ғалым мен оның ғылыми жетекшісін, қазақстандық филологтардың үлкен досы, профессор, Помор академиясы Неофилология институтының әдебиет кафедрасының меңгерушісі Галина Нефагинаны шын жүректен құттықтаймыз!
|