Главная
Новости
21.06.2022 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы туралы студенттер және жұмыс берушілердің пікірлері
«Студенттерге арналған сауалнама» нәтижесі бойынша, студенттердің жартысынан астамы білім беру бағдарламалары арқылы алған білімдеріне көңілі толатындығы көрсетілген.
Сауалнамаға қатысушылардың 66 % ББ пәндері мен олардың мазмұны қоғамның сұранысына сай екендігін көрсетті.
Жалпы, студенттерден алынған сауалнама пән бойынша оқыту дұрыс бағытта ұйымдастырылғандығын, емтихандарды өткізу нысандары, шарттары, әдістері нақты анықталғанын, оқытушылардың өз сабақтарында заманауи технологияларды қолданатындығын, студенттерді қызықтырып, оқуға ынталандыратындығын, обьективті бағалай алатындығын анықтадық. Алайда, студенттердің тек жартысына жуығы кабинеттер мен аудиториялар семинарлар, зертханалар мен практикалық сабақтарын өткізу үшін жеткілікті түрде жабдықталған деп ойлайды.
«Жұмыс берушілерге арналған сауалнама» нәтижесі жұмысқа қабылдаушы ұйымдардың төрттен үш бөлігі жұмыс істейтін түлектердің атқаратын және жүзеге асыратын қызметі олардың біліктілік деңгейіне сәйкес келетіндігін және 90%-ға жуығы ББ түлектерінің арнайы, кәсіби құзыреттіліктері т уралы жақсы пікірде екендігін көрсетті.
|