Главная
Новости
28.06.2022 Абай атындағы ҚазҰПУ ҚХА кафедрасы «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ кеңейтілген отырысында
2022 жылдың 28 маусымында офлайн және онлайн форматта «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ кеңейтілген отырысы болып өтті. Негізгі қатысушылары ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының, ҚР БҒМ, ҚР АҚДМ өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және ЖОО басшылығы, ЖОО ҚХА кафедраларының меңгерушілері, колледждер мен мектептердің Бейбітшілік және келісім орталықтарының басшылары, «Қоғамдық келісім» РММ және өңірлік КММ өкілдері, ҚХА этномәдени және жастар қауымдастығының басшылары болды.
Отырыстың модераторлары Наталья Калашникова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығы» РҚБ төрайымы, ҚХА Кеңесінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі және Бибігүл Бөлегенова, Л.Н. Гумилев ат.ЕҰУ ҚХА кафедрасының профессоры, «Шаңырақ» Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» РҚБ мүшесі болды.
Аталған кеңейтілген отырыста университетіміздің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ ҚХА кафедрасының студент жастармен жұмыс барысында Алматы қаласының этномәдени қауымдастығымен өзара іс-қимылы туралы» тақырыбындағы баяндамасымен есеп берді. Есепте Гүлжиһан Шаһарман кафедраның 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы толыққанды айтып өтті. Сөз соңында әріптестеріне сәттілік тілей отырып, өзге ұлт өкілдерінің студент жастарының аға буын өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болып, олардан үлгі-өнеге алу жолында күш салу керектігін ерекше атап өтті.
|