«Университетте тәуекелдерді басқару» тренингі
Стратегия департаменті қоғамдағы тәуекел-менеджмент мәдениетін дамыту мақсатында 2022 жылдың 1 шілдесінде «Университетте тәуекелдерді басқару» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренер - Садыкова Асель Маратовна, бизнес-тренер, EMBA, CIMA Adv Dip MA. EMBA, тәуекелдерді басқару саласындағы Executive MBA.
Тренингке университеттің топ-менеджменті, оқу институттары мен құрылымдық бөлімшелердің директорлары, сондай-ақ тәуекел иелері болып табылатын олардың қызметкерлері шақырылды.
Тренингтің бірінші бөлімінде: тәуекел-менеджмент не үшін қажет, тәуекелдерді басқару процесі және қоғамдағы тәуекелдерді басқару мәдениеті, тәуекел-менеджмент қағидаттары, тәуекел-менеджменттің қатысушылары, тәуекелді анықтау және бағалау, тәуекел салдарын жұмсарту тәсілдері сияқты мәселелер талқыланды.
Тренингтің екінші, практикалық бөлігінде қатысушылар тәуекелді анықтау бойынша есеп нысанын толтырды, тәуекелді митигирлеу (жұмсарту) үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, тәуекелдер тізілімін толтыруды үйренді.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.