Главная
Новости
11.07.2022 Қияға қанат қақты түлектер
2022 жылдың 9 шілдесі күні Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының түлектерініне арналған диплом табыстау рәсімі өтті.
Кеше ғана жүректері лүпілдеп университет қабырғасын аттаған бүгінгі түлектеріміз 4 жыл бойы бакалавр, 2 жыл бойы магистратура мамандықтарының студенттері еліміздің тұңғыш білім ордасында үздік профессор-оқытушылар қауымынан білім нәрімен сусындап, білікті маман дәрежесін иеленіп, университет қабырғасымен қоштасты!
2021-2022 оқу жылында Жаратылыстану және география институты бойынша 281 күндізгі бөлім, 4 қашықтықтан оқыту бакалаврлар және 87 магистранттар оқуларын аяқтады. 281 күндізгі бөлім бакалавриаттарының ішіне 92 студент, 4 қашықтықтан оқыту бөлімінен 1 студент «Үздік» дипломмен аяқтап отыр.
Салтанатты кешке құрметті қонақтар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кешті ашып беру үшін, алғашқы құттықтау сөз Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловқа берілді. Келесі құттықтау сөзін Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова жалғастырды. Сонымен қатар, түлектерге университет қабырғасына келгеннен бастап білім мен тәлім-тәрбие берген профессор Зейне Тұңғышбаева және доцент Салтанат Абилмажинова өздерінің жылы ләбіздерін білдірді.
Диплом деген - азаматтық куәсі, диплом деген - өмірге берген жолдама!
Бітіруші түлектер келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаңыз да сіздер міндетті түрде қызығы мен қуанышы қатар жүрген студенттік кездеріңізді, өздеріңізмен бірге болған достарыңызды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығармаңыздар, жолдарыңыз болсын, Ақ жол!
|