қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.09.2022

Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам


2022 жылғы 13 қыркүйекте Филология институтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын талқылау семинар-конференциясы өтті. Шараға 150 студент қатысып, ел Президентінің бастамалары мен «Әділетті мемлекетті» қалай көретіні туралы өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

 

Қазақстан халқына Жолдау бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдайға сәйкес келетіні атап өтілді.

 

Іс-шара барысында спикер Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты мәселелері департаментінің директоры Дидарбек Ділдәбек Жолдаудың бағыттарына тоқталып, жастарымыздың қоғамдық өмірге белсене араласуы маңызды екеніне тоқталды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынына тоқталып өтті.

 

Сондай-ақ, департамент директоры қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап бере отырып, біздің бүгінгі студенттеріміз - Қазақстанның жарқын болашағы екенін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=