Университетте 2024 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер болашағы талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ барлық уақытта өзінің ғылыми мектептерімен және зерттеу қызметімен танымал болған. Қазіргі уақытта біздің оқытушыларымыздың ғылым саласында лайықты орындарға ие екендіктерін мақтан ете аламыз: 2022 жылдың жазында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландырудың іске асырылып жатқан 12 жобасына тағы 24 жоба қосылды, олар 2022-2024 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ конкурстарында жеңіске жетті.
Жобалардың басым бөлігі - Білім және ғылым саласындағы жобалар, бұл Абай атындағы ҚазҰПУ-дің еліміздің жетекші педагогикалық ЖОО ретіндегі мәртебесін растайды. Жоба жетекшілері: ғалымдар Ұ.Әбдіғапбарова, А.Берікханова, А. Жұмабаева, А. Майматаева, А. Әмірова, Н. Шәкірова, Ф. Оразбаева, К. Есенова. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында Т.Далаева, Д. Әлиасқаров, Г. Асқарова; жаратылыстану ғылымдары саласында - профессор А. Бердышев жеңіп алды. Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, экологияны ұтымды пайдалану саласында - профессор, ҚР ҰҒА корр-мүшесі В.Косов, геология, шикізатты өндіру және өңдеу саласында - профессор А. Шоқанов конкурсты жеңіп алды.
Абай атындағы ҚазҰПУ жас оқытушылары Н.Үсенов пен Д.Сабирова жас ғалымдарға арналған арнайы конкурстарда жеңіске жетсе, А. Бердалина, Б. Байжігіт, Э. Жанысбекова, М. Әділов, Е. Оспанбеков, Б. Атабекова, А. Сыздықбаева және А. Рысхан «Жас ғалым» конкурсында жеңіске жетіп, жақсы белсенділік танытқаны қуантады.
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректор профессор Е. Бурибаев пен ғылым департаментінің директоры профессор Ұ. Әбдіғапбарованың жоба жетекшілерімен кездесуі өтті. Кездесуде жобаларды жоспарлау және одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды; жоғары нәтижелерге қол жеткізу, оларды патенттер, авторлық куәліктер, енгізу туралы куәліктер түрінде рәсімдеу, Scopus базасына кіретін рецензияланатын шетелдік басылымдарда жарияланымдар беру проблемаларына ерекше назар аударылды; сондай-ақ әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамалардан өту аспектілері түсіндірілді.
Кездесу барысында басшылар қойылған міндеттерді табысты орындауға дайын екендіктерін көрсетті және тығыз қарым-қатынаста жобаларды іске асырудың көптеген ерекшеліктерін түсіндіруге болатын осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Жоба жетекшілеріне, зерттеу топтарының мүшелеріне шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен нәтижелер тілейміз!