қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.09.2022

«Тіл - қоғамның айнасы» тақырыбындағы эссе жазу конкурсы


2022 жылдың 5-15 қыркүйек күндері аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек-Тілдер күні мен А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл - қоғамның айнасы» тақырыбында университеттің 1,2-курс студенттерінің арасында эссе жазу конкурсы өткізілді.


Эссе жазу конкурсының басты мақсаты - Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. Тілдің қоғамдағы орны, әр саладағы қызметтік мәнін түсіндіру. Мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту. Аталған байқауда арнайы өкіммен құрылған комиссия мүшелері студенттердің жұмыстарын тексеріп, бағалау нәтижесінде:
І орын - Мамышева Ғалия филология институтының 2 курс студенті.
ІІ орын - Жамалдинова Меликам тарих және құқық институтының 1 курс студенті.
ІІ орын - Марченко Татьяна педагогика және психология институтының 2 курс студенті.
ІІІ орын - Абдималик Дамира жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті.
ІІІ орын - Бекмуратова Зебинсо жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті.
ІІІ орын - Саламатова Сабина филология институтының 2 курс студентіне берілді.


Марапаттау кезеңінде кафедра меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман эссе жазудың негізгі талаптарына сай орындалған жұмыстарға жалпы талдау жасап, университетіміздің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов құттықтау сөз сөйлеп, дипломдар мен алғыс хаттарды табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=