Абай университетінде Студенттік клубтар жәрмеңкесі өтті
Шараны Жастар ісі жөніндегі басқарма ұйымдастырды.
Абай университеті Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов іс-шараға қатысып, университет клубтарына сәттілік тіледі. Ол осы бағыттың маңыздылығын атап өтіп, студенттерді өздерінің болашағын нақты анықтау үшін осындай клубтардың жұмысына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Университет қабырғасында талай жылдан бері белсенді түрде жұмыс жасап келе жатқан 29 клубтың жұмыстарын Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Райымбек Пірәлі таныстырып өтті.
Шараның басты мақсаты - өз қатарына талантты студенттерді топтастыру және жаңадан келген бірінші курс студенттерін қауымдастық жұмысымен таныстыру. Қауымдастық мүшелері әрқайсысы өз ұйымы туралы жарнамалап, ұйымның қызметі жайында қызықтыра әңгімелеп, өз жұмыстарымен таныстырды.
Клубтармен алғаш танысып жатқан білім алушылар қатары клубтарға тіркелді. Ұйымдарға кіру тек қана осы жәрмеңкемен аяқталмайтынын ескеру керек, яғни студенттер қалаған ұйымға кез келген уақытта жазыла алады.
29.09.2022 ж.
Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz