қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.09.2022

Мектептегі педагогикалық практика бағалы тәжірибе береді


Соңғы жылдары елімізде педагогтер дайындау барысында мектептегі іс-тәжірибеге үлкен көңіл бөлініп жатыр. Абай университеті мектептермен белсенді ынтымақтастықта. 2022 жылдың қыркүйек айында болашақ педагогтердің үшінші курстарын бір айға практикаға жіберу оң шешім екендігін көрсетті. Өзара жасалынған келісім бойынша «Айсаф» мектебіне барған «Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» мамандығының студенттері де алғашқы бір айлық тәжірибесін аяқтап, соңғы аптада ашық сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларынан есеп берді.

 

Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары Р.К.Оразова мен А.Раева тәжірибеге жауапты студенттердің ашық сабақтарына қатысып, кәсіби кеңестер берді. Мектеп директоры, оқу бөлімінің меңгерушісі, басқа да пән мұғалімдері ашық сабақтарға арнайы уақыт бөліп, оларды талдауға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салуы тыңдаушыларға жақсы көмек болды. Мұндай іс-шаралар мектеп пен университет арасындағы байланысты одан әрі дамытуға оң әсерін тигізіп, болашақ ұстаздарды даярлау сапасын арттыруға қызмет ететіні сөзсіз.

 

  alt=