қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
12.09.2011

 

«Біз тәуелсіздікпен құрдаспыз» атты дөңгелек үстел

2011 жылы сәуірдің 29-шы жұлдызында (жұма) сағат 10.30-да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында 20 жастағы студенттер арасында «Біз тәуелсіздікпен құрдаспыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстан жастарының интеллектуалды дамуы мен тәу етер тәуелсіздігіміздің 20 - жылдық мерейтойы қарсаңындағы білім-ғылым саласы үшін аса маңызды осынау іс-шараға ақпараттық қолдау көрсеткен «Қазақ радиосы» болды.
Аталмыш шараға тарих факультетінің профессор - оқытушылар құрамы мен 20 жастағы студенттері қатысты. Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Ғ.Қ. Кенжебаев дөңгелек үстелді салтанатты түрде ашып, қатысушыларды құттықтады.
Осыдан кейін факультетіміздегі тәуелсіздік құрдастары арасында пікірсайыс өткізіліп, арнайы баяндамалар жасалынды. «Тарих» және «Саясаттану» бөлімдерінің студенттері - А. Ауғанбаева, Р.Мендибекова, Н.Көшеров, Р.Дүйсенбекова, Е.Бейсебаев, А.Тұрсынова сияқты 20 жастағы жалынды жастар тобы «Елбасы жолдаулары - елдің даму бағдары», «Қазақстанның егемендігін нығайтудағы ұлт көшбасшысының рөлі», «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы», «Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты тақырыптарда дөңгелек үстел басында қызу пікір алмасты.
Өткізілген дөңгелек үстелдің ғылыми-тәжірибелік маңызы зор болды. Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде дамуының мәселелері, мемлекеттілікті нығайтудың басым бағыттары жайлы түрлі тақырыптарда ой қозғалып, тың мәліметтер көпшіліктің талқысына ұсынылғанын ескерсек, отаншылдық сезімді шыңдайтын осындай іс-шараның танымдық және тәрбиелік мәнінің зор екендігі сөзсіз.