қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
05.10.2022

Алкала университетінің Педагогикалық колледжінің деканымен кездесу

 

2022 жылдың 3 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология институты практикалық ағылшын тілі кафедрасының білім алушылары мен оқытушыларының Алкала университетінің (University of Alcalá) педагогикалық колледжінің деканы (Алькала-де-Энарес қ., Испания) Хесус Гарсия Лабордамен (Jesus Garcia Laborda) кездесуі өтті.


Кездесу барысында екі университет жайлы ақпарат ұсынылды, Эразмус бағдарламасы аясында бірлескен жұмысты бастау мүмкіндігі қарастырылды, сонымен қатар тараптардың профессор-оқытушылар құрамы арасынан магистранттар мен докторанттарға жетекші тағайындау, бірлескен ғылыми және білім беру жөнінде басылымдарды шығару, тараптар өкілдерін дәріс оқуға шақыру, сондай-ақ оқытушыларды тарту арқылы бірлесіп ғылыми-зертеу жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=