қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
05.10.2022

Университет негізін қалаған қайраткерлердің құрметіне белгі тақта қойылды

 


 

2022 жылдың 5 қазан күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына аясында Халықаралық ұстаздар күніне орай университет негізін қалауға үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің құрметіне қойылған белгі тақтанының салтанатты түрде ашылуы өтті.

 

Белгі тақтаны орнатудың басты мақсаты Қазақстан тарихындағы Тұңғыш жоғары оқу орнының алғашқы оқытушылық құрамын еске алып, құрмет көрсету және де жастардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сана-сезімді қалыптастыру.

 

Шараны Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі Байсалова Айман Қабиденқызымен университеттің Басқарма Төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемісов белгі тақтаға гүл қою рәсімінен бастады.

 

Мақтағали Әбдімәжитұлы Ахмет Байтұрсыновтың университет тарихындағы орны мен педагогика саласына сіңірген еңбегі туралы атап өтсе, Айман Қабиденқызы жастарға ізгі тілектерін білдірді.

 

Салтанатты жиынға университеттік ардагерлер кеңесінің төрағасы - Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы құттықтау сөз сөйлеп қонақтар мен қатысушыларға алып ұстаздарға арналған өлеңін оқыды. Ел ертеңі жастарға тәлім мен тәрбиелік пікірлерімен бөлісті.

 

Университет тек педагог мамандарды даярлап қана қоймайды, сонымен қатар білімалушылардың өнерін ода ары қарай шыңдайды. Сондай талантты студенттің бірі қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенті Серік Елдос салтанатты жиын қатысушыларына арнау өлеңін орындады.

 

Белгі тақтаның ашылу салтанатының соңы іс - шараға арнайы уақытын бөліп келген Айман Қабиденқызына университет тарапынан кәдесы ұсынылып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

05.10.2022 ж.

Ақпарат көзі: abai.kz