қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
07.10.2022

ДААД халықаралық жобасы аясындағы семинарлар


2022 жылы 7 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ тарапынан жоба үйлестірушісі, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова AP08857119 «Болашақ мұғалімнің студентке орталықтандырылған оқытуын цифрлық орта жағдайында трансформациялау» Ғылым және жоғары білім министрлігінің жобасы шеңберінде іске асырылатын «The advantages of student centered learning» зерттеу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында осы жобаның мақсаттары мен міндеттері ұсынылды, сондай-ақ оны Абай атындағы ҚазҰПУ-да іске асыру процесі сипатталды. Сондай-ақ, Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаева «Студент-орталықтандырылған оқытудың» ақпараттық жүйесін көрсетіп, Германия мен Әзірбайжанда «student-centered learning» бағдарламасының маңыздылығы мен іске асыру жолдары тақырыбында пікірталас өткізді.


PhD докторы Сая Байсұлтанова «Innovative technologies in improving pedagogical professionalism» тақырыбында воркшоп өткізді, онда жоба қатысушылары инновациялық әдістер мен технологиялар мәселесінде педагогикалық кәсібилікті жақсарту мәселелерін талқылады.


Содан кейін бағдарлама қатысушылары «Абай» мұражайында болды, онда музей директоры Еркін Қайшыбек студенттеріміздің жұмыстарын көрсетіп, қазақ халқының ұлттық және мәдени құндылықтарымен таныстырды.


Түстен кейін жобаға қатысушылар PhD докторы Сая Байсұлтанованың «Internationalization of the curriculum of higher education» воркшопында болды, онда олар Абай атындағы ҚазҰПУ мысалында білім беру бағдарламаларын жобалау және бағалау жүйесімен танысты.


Сондай-ақ, жоба қатысушыларының У.М. Әбдіғапбарова, PhD Сая Байсұлтанова және А. К. Избаиров сияқты профессорлармен кеңесіп, сұхбат жүргізу мүмкіндігі болды, онда зерттеу тақырыптары бойынша сұрақтар қойылды.

 

  alt= 

 

  alt=